{metadescription}
СҚО: Жауыннан шығындалған шаруалар Үкіметтен көмек сұрап отыр
СҚО: Жауыннан шығындалған шаруалар Үкіметтен көмек сұрап отыр

СҚО: Жауыннан шығындалған шаруалар Үкіметтен көмек сұрап отыр

Солтүстікте екі аптадай толассыз жауған жауыннан алқаптағы астық бүлінді. Жерде жатқан дән өніп, жап жасыл болып өсіп кеткен. Алынған өнім тек жемазыққа ғана жарайды. Қарызға шаш етектен баттық деген шаруалар шарасыз күйде отыр.

Табиғаттың тосын мінезі астық өсірген диқанның бәрін тұралатып кетті десе болады. Шаруалардың ендігі үміті тек Үкіметте. Олар көктемгі егіс алдында қаржы институттарынан алған несиелерінің төлем мерзімін шегеруін сұрайды.

Жомарт Омаровтың астықты алқабында өнім жыл сайын рекод межеге жетеді. Өйткені ол озық технология ғана емес, кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесіне сүйенген жан. Оның айтуынша, диқандық жолда дәл осындай ауыр жыл болып көрмепті. Егін енді енді көктей бастағанда тамшы тамбай, аптап ыстық біраз алаңдатқан. Одан соң көктен иіп, жерден берді ау дегенде шелектеп құйған жаңбыр шаруа біткенді қатты састырды.Сары күзде жап жасыл алқаптағы өріп-өсе бастаған бидайды көріп өздері де сене алар емес.

Диқандар жерде жатқан бидайды құтқарудан үмітті. Техника күндіз түні жұмыс істеп сұлап жатқан масақты аударып жүр. Кептіріп, тым болмаса малға азық етсек,-дейді.Оның өзінде жаңбыр жауып,соңғы әрекеті далаға кетпесе. Онсыз да шығын шаш етектен. Шаруалар кей жерлерден алынған астықтың өзі сапасын жоғалтты деп отыр. Ендігі жерде диқандар көктемгі егіс үшін алынған несиені өтей алмайтынын айтып Үкіметтен қолдау күтеді.

Жомарт Омаров, шаруа қожалығының директоры:

- Бізге ең бастысы агрокредит корпорациядан төленетін мерзімін созып берсе. Сосын Азықтүлік корпорациясынан алғандар бар.Әркім қаржы институттарынан алған қарызының қайтару мерзімін.Жалғыз өтініш. Басқа ештеңе керегі жоқ.Бұл қайтарымды ақша. Енді оны істеу істемеу үкіметтің қолында деп ойлаймын.

Қазір диқан біткен алқап басында. Ауа райын бағып, барын жинап алуға тырысуда. Сондықтан шығынды есептеп, комиссия құрып, қағазбастылықпен айналысуға уақыт жоқ ,-дейді олар.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Азық түлік корпарациясына несиені пролангациялау жөнінде хат жаздық. 250 мың гектар жердің астығы сұлатылған болатын. Одан қазір жиналмаған 125 мың гектары қалды. Барлық техника қазір астықты алқаптарда. Астықты толық жинаймыз, ал жердегі масақтың жаңбырдан өріп, өсіп кеткені рас.

Шенеуніктер диқандардың бұлай шырылдап жүргеніне жайбарақат қарап отыр. Ал шаруалардың басқаға қарайтын мұршасы жоқ. Не болса да, маңдай термен өсірілген ақық дәнді күн-түн демей жинап алуға тырысуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде