{metadescription}
Орта Азия тауларында азайған мұздықтың салдары сезіле бстаған
Орта Азия тауларында азайған мұздықтың салдары сезіле бстаған

Орта Азия тауларында азайған мұздықтың салдары сезіле бстаған

Орта Азия тауларындағы мұздықтар айналдырған 50 жылда 30 пайызға азайған. Салдарын қазірдің өзінде сезініп отырмыз.

Әсіресе су тапшылығы биыл Қазақстан ғана емес, көршілес елдердің шаруаларын әбігерге салып титықтатты. Бұл мәселеге президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде Орта Азия елдері басшыларының 4-ші консультативтік кездесуінде тоқталды. Мемлекет басшысы Арал теңізі мен климаттың өзгеруіне назар аудару қажеттігін айтып отыр. Экологтар да бірауыздан 2050 жылға қарай Орта Азиядағы қуаңшылық күшейе түседі деген болжам жасады. Бұл 5 миллион ішкі «климаттық» мигранттың арлы-берлі көшуіне түрткі болуы мүмкін.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Климаттың өзгеруі аймағымыздағы судың басты көзі мұздықтар көлемінің кішіреюіне әкеп соқтырады. Олардың Орталық Азиядағы көлемі соңғы 50 жылда 20, тіпті 30 пайызға кішірейген. Болашақта бұл Сырдария мен Әмудария өзендерінің ағысын бірнеше есе қысқартады. Бұның барлығы аймақтың азықтүлік, энергетика және экология салаларындағы қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Сондай-ақ шұғыл шара қабылдауды талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.