{metadescription}
Ақтөбеде жастар арасында суицид көбейіп барады
Ақтөбеде жастар арасында суицид көбейіп барады

Ақтөбеде жастар арасында суицид көбейіп барады

Ақтөбеде өмірден баз кешкен жастар көбейіп барады. Күні кеше жоғары сынып оқушысы өзіне қол жұмсаса, енді 19 жастағы студент асылып қалған.

Жас жігіт көпірдің астында өзіне қол жұмсапты. Неліктен мұндай қадамға барғанын ешкім нақты айта алмайды. Екі күн бұрын ол бау-бақша ұжымындағы үйінен шығып кетіп оралмаған. Жақындары тәртіп сақшыларына хабар беріп, сол күні іздеуді бастапты. Марқұм жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған.

Өңірде өзіне қол жұмсайтындардың көбейіп бара жатқаны құзырлы органдарды да алаңдатып отыр. Жыл басынан бері елуден аса адам Ақтөбеде суицидке барған. Күніне өмірден баз кешкен бір-екі адамды райынан қайтаруға тура келеді. Жарты жылда өзіне қол салуға оқталған 150 жанды таныстары мен туғандары дер кезінде үстінен түсіп, бір ажалдан аман қалыпты.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Заречный ауылының қасында орналасқан көпірдің астынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Себептер анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.