ШҚО: Бір үйір жылқыны айдап әкеткен ұры ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында бір үйір жылқыны айдап әкеткен ұры ұсталды. Ізіне түспес үшін, қаскөй алдымен жауырынына GPS орнатылған тайды анықтап алып, атып тастаған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.09.2023
Күдікті жайылымда жүрген 54 бас жылқыны үптеп кеткен. Мал ұрлығы Ұлан ауданында тіркелді. Жалпы шығын көлемі 43 миллион теңге. Полицейлерге ұрыны ұстау оңайға соқпады. Олар жоғалған малды іздеуге тікұшақ пен дронды да жұмылдырған. Ақыры 46 жастағы азамат ұсталды. Абай облысының тумасы бұрын да ұрлық жасап, істі болған.
Жандос Иманбаев, ШҚО ПД КПБ бастығының орынбасары:
- Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Аталған факті бойынша ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!