{metadescription}
Сарапшылар Жолдауда айтылған мәселелерді іске асырудың жолдарын ұсынды
Сарапшылар Жолдауда айтылған мәселелерді іске асырудың жолдарын ұсынды

Сарапшылар Жолдауда айтылған мәселелерді іске асырудың жолдарын ұсынды

Халықтың тұрмыс сапасы экономикалық өсімге тікелей қатысты. Осылай деген бір топ жас сарапшылар бүгін президент Қасым –Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауында айтқан мәселелерді іске асырудың жолдарын ұсынды. Баяндамасының тезистерін талдап, Қазақстан экономикасын жаңа деңгейге қалай шығаруға болатыны туралы пікір алмасты.

Айнұр Бақытжанова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты:

- Жалпы бұл жолдауда Қазақстанның алдағы уақытта экономикалық жаңғыру бағыттары мен мақсаттары айтылған. Сол жерде бірнеше салалардың қандай бағыттар дамитындығын нақты айтылған. Сондықтан қазіргі кезде жастарға айтарым осы жолдау барысында ұсынарым: аталған даму бағыттары бойынша алдағы уақытта мамандықтарын таңдау керек. Кәсіптерін таңдау керек. Сол арқылы осы Қазақстанның экономикалық жаңғыруына өзіндік ықпалын тигізу керек.

Жолдау жүктеген міндеттерді орындау үшін ең алдымен сауатты мамандар қажет. Одан кейін халықтың бірлігі де басты мәселе. Бірлік бар жерде, тындырымды тірліктің болатынын бүгінгі жиында тілге тиек еткендер баяндамада айтылған цифрандырудан бастап, креативті экономикаға дейін талдау жүргізді. Яғни бас қосудың басты тақырыбы алдағы өтетін АЭС құрылысына қатысты референдум.

Халықты несиелендіру шарттары мен кәсіпкерлерге салық салуға қатысты мәселесі де қаузалды. Осының барлығын жіктеп көрсеткен жас сарапшылар мен әлеуметтанушылар жолдаудың халық өміріне әсері мен пайдасын зерттемек. Өйткені экономикамыз жақсарғанда ғана әр отбасы берекелі өмір сүріп, тұрақты жұмыс пен лайықты жалақыға қол жеткізеді дейді мамандар.

Марат Шибұтов, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары:

- Біздің жас сарапшылар Жолдауды жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынды. Мысалы, әртүрлі елдерде атом энергетикасы бойынша референдумдар қалай өткенінен бастап, креативті экономика туралы ұсыныстары мен талаптарын тізіп берді. Оның қарқынды дамуы үшін нақты не істеу керек екенін де жіктеп көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде