Түркиядан Ресейге ұшқан рейс Ақтөбеде апатты жағдайда қонды
Түркиядан Ресейге бет алған ұшақ Ақтөбе әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Себебі Антальядан көкке көтерілген Boeing-тің оң жақ қозғалтқышынан ақау шыққан.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.09.2023
Ұшқыштар қозғалтқыштың істен шыққанын Каспий теңізінің үстінен өтіп бара жатқанда байқапты. Дереу биіктікті төмендетуге рұқсат сұраған. Содан кейін таң ата Ақтөбе әуежайына сәтті қонды.
Жарты жолда аялдауға мәжбүр болған әуе кемесінің бортында 419 жолаушы мен 16 экипаж мүшесі болған. Оларға әуежайда ыстық тамақ беріліп, балаларды арнайы бөлмеге жайғастырыпты. Ұшақты жөндеуге біраз уақыт кететін болғандықтан, Мәскеуден түске таман арнайы ұшақ келді. Жолаушыларды соған мінгізіп, діттеген жеріне жеткізді.
Айгүл Милиханова, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының басқарушы директоры:
- Ұшақ штаттық режимді қонды. Әуе кемесінің оң құрылғысы істен шығуы шұғыл қонуға себеп болып отыр. Жолаушылар мен экипаж мүшелерін тамақпен қамтып, арнайы бөлме ұсындық. Мәскеуден резервтегі ұшақ Ақтөбеге ұшып келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!