{metadescription}
Киік атуға рұқсат берілмейді. Басқа жолы ұсынылды
Киік атуға рұқсат берілмейді. Басқа жолы ұсынылды

Киік атуға рұқсат берілмейді. Басқа жолы ұсынылды

Иен даланы еркін жайлаған киіктерді атуға рұқсат берілмейді. Бірақ экология министрлігі оның популяциясын реттеудің басқа жолын ұсынып отыр.

Егістікті таптап кетіп жатқан киіктерді енді жауапты сала өкілдері бірнеше шақырымға қуып, арнайы тор қоршауға қарай айдамақшы. Торға түскенін мұсылманша бауыздап, етінен консервіленген өнімдер жасайды.

Соңғы жылдары саны біршама өскен киіктердің популяциясын реттеуді диқандар көптен сұрап жүр. Жайылым жері бар, мал өсіретін шаруаларға да оңай соқпай тұр. Соңғы екі жылдан бері киік санын реттеудің сан түрлі нұсқасын қараған шенеуніктер ақыры аулау керек деп шешіпті.

Андрей Ким, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасы:

Қазіргі таңда киіктің ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн бас. Жыл соңында киіктің төлімен қоса есептегендегі саны 2 жарым миллион құрайды деп болжануда. Министрлік киіктің санын азайтуды көздемейді. Тек популяциясын реттеп отырамыз. Қажетті нормадан асқандарын арнайы қақпанға түсіретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде