Астанада банк қызметкерлерін кепілге алған Әлихан Мұрадов сотталды
«Жеті жарым жылын қамауда өткізуге тиіс». Бүгін Астана соты тура үш ай бұрын банк қызметкерлерін кепілге алған Әлихан Мұрадовқа осындай үкім кесті. 30 жастағы азамат жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түрмеде өтейді.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
18.09.2023
Сол процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 69 мың теңге өтеуі қажет. Негізі сотталушыға "адамдарды кепілге алу" бабы бойынша ең төменгі жаза кесіліп отыр деді судья. Оған жамбылдық жігіттің сотта өкініп, кінәсін мойындауы сеп болған.
Әлихан Мұрадов үш ай бұрын Kaspi банктің Астанадағы бөлімшесінде адамдарды кепілге алып, артынша өзі полицияға берілген еді. Есірткіге әуестігі бар жігіт бұл әрекетін жөндеп түсіндіре де алған жоқ. Тек сол күні психологиялық күйзелісте жүргенін айтумен шектелді. Бүгін де үкіммен келісіп, апелляциялық шағым жазбаймын деп қана мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!