{metadescription}
Алматыдағы бас ботаникалық бақты құртып жатыр
Алматыдағы бас ботаникалық бақты құртып жатыр

Алматыдағы бас ботаникалық бақты құртып жатыр

Сиыр сияқты таптап жатыр. Алматыдағы бас ботаникалық баққа келушілер гүлзарларды басып, өсімдіктерді өлтіріп жатыр дейді қызметкерлері. Жастар көгалданырылған жерде суретке түсу үшін ескерту тақтайшаларын да пысқырмайды екен.

Бұл жағдай осыдан бір апта бұрын ғана болған. Қазір ботаникалық бақта гортензия гүл жаратын маусым. Жұртшылық соны алшақтан емес, жақыннан суретке түсіру үшін осындай бассыздыққа барыпты. Өсімдіктер мен оның күтіп баптайтын мамандардың еңбегін аямаған халыққа мұндағылардың өкпесі қара қазандай. Өйткені мұндағы көк майсаның үстімен жүруге болмайды. Бірақ оған бас қатырып жатқан жастар жоқ. Тапталған көгалдың қазіргі сиқы осы. Топырағы көрінуге шақ тұр. Қайта қалыпқа келтіру үшін бірнеше ай және ерекше күтім қажет дейді мамандар. Табиғи аймақ басшылығы халыққа өсімдіктер әлемін аралап, тек сыртынан тамашалауды ғана сұрайды.

Баян Қоспенбетова, Бас ботаникалық бақтың маркетинг және PR бөлімінің директоры:

Мына жерді құдды бір бір топ сиыр келіп таптап өткендей. Көгалдарды басып тастағаннан, барлығы қурай бастады. Бақтың көрінісі мен сұлулығын құртты. Мына лента да гүлдердің көркін қашырып тұрса да, осылай уақытша қоюға мәжбүрміз. Өйткені жасыл желек қайта қалыпқа келгенше, адам аяғы баспауы керек. Әйтпесе барлығын қопарып, ауыстыруға тура келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл ботаникалық бақ өзге саябақтар сияқты емес, ерекше қорғалатын табиғи аймақ екенін түсінуі керек. Көгалды басуға, не оған жатуға, гүлдерді жұлуға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде