«Мектепке бомба қойылды». Таразда ақша бопсалағандар ұсталды
«10 миллион теңге төлемесеңдер, мектепті жарып жібереміз». Таразда білім ошағына бомба қойылды деп ақша бопсаламақ болған балалар ұсталды.
Автор: Шерхан Абзалұлы
18.09.2023
Қаладағы № 51 мектепке «жарылғыш зат қойылды» дегенді естіген тәртіп сақшылары мен сапёрлер ғимаратты түгел тексеріп, түк таппаған. Кейін құзырлы органдар жалған ақпарат таратты деген күдікпен өзге ауданда тұратын 8-сыныптың оқушыларын анықтады. 14 жастағы жасөспірімдер «бомба қойылды» деген хабарламаны телеграм-бот арқылы білім басқармасына жолдапты. Тіпті ғимаратты аман алып қалу үшін қомақты қаржы талап еткен. Алайда құзырлы органдар арнайы операция жүргізіп, бұл ақпараттың өтірік екенін анықтады. Оқушылар кәмелетке толмағандықтан, енді олардың бұл әрекеті үшін заң алдында ата-аналары жауап береді.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Бұл хабарлама түнгі уақытта келіп түскен себептен, эвакуация жүргізілген жоқ. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 273 бабы, яғни терроризм актсы туралы жалған хабарлама бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!