Қазақстандықтар алкоголь өнімдеріне көп ақша жұмсайтын болған
Қазақстандықтар алкоголь өнімдеріне көп ақша жұмсайтын болған. Соңғы алты айда отандастарымыздың арақ-шарапқа кеткен шығыны 13 пайызға өсіпті. Әсіресе арақ пен коньякқа сұраныс күрт артқан.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
18.09.2023
EnergyProm мәліметінше, ащы суға ең көп ақша жұмсайтын өңір Шығыс Қазақстан облысы екен. Бұл аймақта бір адам үш айда арақ-шарапқа орташа есеппен 3 жарым мың теңгесі кетіпті.
Спирттік ішімдік тұтынудың алдыңғы үштігінде Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары тұр. Содан кейін қарағандылық пен алматылықтар жайғасқан. Аталған өңірлердің халқы сәуір-маусым айларында шамамен 3 мың теңгеге алкоголь өнімін сатып алған. Ал Түркістан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары ішімдікке ең аз ақша құртатын аймақтардың қатарында.
Алкогольдің бағасы да шарықтап барады. Мәселен, арақтың құны бір жылда 10 пайызға, шарап 13 пайызға, сыра 23 пайызға қымбаттаған. Бірақ бағаның өсуі ішімдікке құмар жұртқа тосқауыл болмай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!