ҰОК: 30 жылдыққа ардагерлер мен білікті жаттықтырушылар жиналды
Ұлттық олимпиада комитеті өзінің 30 жылдығын ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Астанадағы мерейтойлық шараға еліміздегі олимпиадалық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен білікті жаттықтырушылар жиналды.
Автор: Мерей Қалиасқар
18.09.2023
Тарих үшін аз уақыттың ішінде Қазақстан байрақты додаларда толағай жеңістерге жетіп үлгерді. Жалпы тәуелсіздік алған жылдардан бері спорт саңлақтары 7 жазғы және 8 Қысқы олимпиадаға қатысып, 79 медальді қанжығасына байлаған. Оның 15-і — алтын.
Жеңіс тұғырынан көріну үшін жаттығулармен шыңдалып, талай белесті бағындырып, көк туымызды желбіреткен чемпиондардың еңбегі ерен. Сол себепті бас қаладағы қорытынды жиында отандық спорттың тарихына сүрлеу салып, есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылған қайраткерлерге мерейтой төсбелгісі табысталды.
Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы:
- Олимпиададағы жүлделер, жеңістер Қазақстанның имиджін бүкіл әлемге танытады. Қазақ спорты жасасын! Алдағы уақытта Азия ойындары бар, келесі жыл Парижде Олимпиада болады. Қазақ спортына сенеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!