Семейде «Аман келешек» фестивалі Илья Ильиннің таңғы жаттығуымен басталды
Семейде тұңғыш рет «Аман келешек» мәдени-спорт фестивалі өтті. Бұл іс-шара ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің авторлық таңғы жаттығуымен басталды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.09.2023
Биыл оныншы рет жалауын көтерген фестиваль Семей қаласында ұйымдастырылып отыр. Әлеуметтік маңызы бар жоба инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған. Практикалық воркшоптарға, шығармашылық шеберханалар мен инновациялық зертханаларға даму ерекшеліктері бар балалар қатыса алады.
Семейде өткен фестивальге балалар үйлері мен әлеуметтік мекемелердің 500-ге жуық тәрбиеленушісі және мектептеп оқушылары келді. Шара барысында инклюзивті бағдарламалар негізінде сурет және кескіндеме, қағаз үлгілеу, сәндік-қолданбалы өнер және флористика сияқты төрт бағыт бойынша шеберлік сабақтар өткізілді.
Фестивль Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасы мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар келешекте әлеуметтік жобаның географиясын кеңейте отырып, оны жасөспірімдерге одан да қолжетімді етпек.
Игорь Рогов, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары:
- "Аман келешек" фестивалін Қор өкілдері Семейде өткізуді шешті. 2014 жылдан бастап бұл жоба қарқынды дамып келеді. Бұған дейін Алматыда өткізілгенімен, шараға еліміздің түкпіртүкпірінен балалар жиналатын. Осы уақыт ішінде әр өңірден келген 15 мыңнан астам бала қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!