Comic Con Astana-ға голливудтық Майкл Рукер мен Шон Ганн келді
Елордаға Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганн келді. Олар Астанада осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан Comic Con Astana фестивалінің қонақтары.
Автор: Айжан Шамшидин
18.09.2023
Биыл фестивальге алыс-жақын шетелден 70 мыңнан астам қонақ келіпті.
Үш күнге созылған Астанадағы Comic Con фестиваліне қатысушылардың қарасы көп биыл. Қатысушыларға әртүрлі кейіпкерлерге деген ықыласын білдіруге мүмкіндік беретін косплей байқауы өтті. Белгілі комикс кейіпкерлерінің киімін, түр-әлпетін айнытпай салу басты шарт. Кәсіпқойлар қатысып жатқан сайыста костюмдердің көп деталін қолдан жасаған. Интернет дүкендерінен сатып алған мұндай дүниелер жалпы костюмнің 10 пайызынан аспауы керек.
Аманат Әсенбай, қатысушы:
- Киімді арнайы бір жарым айдай тікті. Бұл жаққа бірінші рет қатысып отырмын. Бас жүлде алып кету ойымызда бар.
Шетелден ат терлетіп келген Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганнға фестивальдің жалпы атмосферасы ұнапты. Бұл белгілі актерлердің Қазақстанға алғашқы сапары.
Шон Ганн, актер:
- Астананың ерекше архитектурасы ұнады. Әсіресе қазықартаның дәміне тәнті болдық. Мұндай шаралар, әрине, ұйымдастырылуы керек. Соның арқасында жастар өзінің сүйікті кейіпкерлеріне бір табан жақындауға мүмкіндік алады.
Comic Con Astana алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Жыл сайын өтеді жеп жоспарланған шара пандемияға қатысты біраз уақыт тоқтап қалды.
Жәмилә Хангелдина, Comic Con Astana фестивалінің PR Директоры:
- Конкурстарын айтатын болсақ, конкурс екіге бөліенді. Мұнда халықаралық қатысушылар бар. Биыл 300-ден астам өтініш келіп түскен. Оның 150-160 шамасы турнирге қатысады. Жүлде қоры он миллион теңге. Биыл жүлде қоры үлкейіп жатыр.
Байқаудың Гран-приі үш жарым миллион теңгені RaidShadowLegends-тегі Харима кейіпкерінің косплейі үшін Келлер никнеймі бар косплейші алды. Қазылар алқасы техникалық жағынан ең күрделі тігілген костюм мен үздік қойылымдар бойынша да сыйлықтар берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!