{metadescription}
КТК арнасы «Менің сүйікті донорым» телехикаясын түсіре бастады
КТК арнасы «Менің сүйікті донорым» телехикаясын түсіре бастады

КТК арнасы «Менің сүйікті донорым» телехикаясын түсіре бастады

Тәлкекке түсірген тағдыр. КТК арнасы көрерменді терең ойға салатын сериалдың түсірілімін бастады. «Менің сүйікті донорым» атты телехикая отбасы құндылықтары мен бауырлар арасындағы қамқорлықты дәріптеуге бағыттылған.

Түсірілімнің алғашқы күнінде-ақ қауырт қарбалас басталып кетті. Режиссер сәттілікке деп, дәстүрмен тәрелке сындырды. 

Сериал басты кейіпкер Русланның төңірегінде өрбиді. Қарындасы ауыр халге түсіп, өлім аузында жатқанда оның өмірі бір пәсте күрт өзгереді. Аман алып қалу үшін өкпесін ауыстыру керек. Кейіпкеріміз бауыры үшін донор іздеуге көшеді. Табады. Бірақ соңында ол қызға ғашық болып қалады. Енді екеуінің тек біреуін таңдау керек.

Ботагөз Кенішбай, режиссер:

Донор іздегенімен қатар, біздің басты кейіпкеріміз. Өзінің шыққан тегін анықтайды. Өмірлік махаббатын кездестіреді. Әрі қарай немен бітетіні, қалай оқиға өрбитінін экраннан көретін боласыздар.

Сол экраннан 25 минуттық 10 сериялы туындының мағынасы мен қызығын көрерменге боямасыз жеткізетін актерлер сайдың тасындай іріктеліп таңдалыпты. Өздерінің қорқынышына қарамастан, шынайлылыққа дайын екенін айтып отыр.

Гүлбахрам Байбосынова, актриса:

Мен қанды көрген кезде басым айналып кетеді. Енді бұл сериал ғой. Кино. Барынша кино ретінде қараймыз ғой. Менің ойымша, бұл өте қызықты сериал болады деп ойлаймын. Және де жеңіл. Заманауи сериал.

Түсірілім тобы аталмыш телехикая көрерменге қызықты болатынына сенімді. Кейіпкерлер әр сериясында ада түрлі оқиғаға тап болады. Ішінде қызығы да, шыжығы да бар. Жеңіл дүниеден шаршасаңыз, «Менің сүйікті донорым» телехиякасын жіберіп алмаңыз. Желтоқсаннан бастап телеэкраннан немесе Ю-тубтағы КТК-ның ресми арнасынан көруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде