Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Жеңіл көлік асфальт тегістейтін ауыр техникаға барып соғылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.09.2023
Мұғалжар ауданындағы Елек ауылы маңында жол жөнделіп жатқан. Сондықтан бұл трасса уақытша жабық тұрған еді. Алайда Лада Грантаны тізгіндеген 39 жастағы жүргізуші оған қарамастан жүйіткіп өтеді. Қатты жылдамдықпен келіп жол бойында тұрған асфальт тегістегіш техникаға соғылған. Соның салдарынан жүргізуінің өзі де, жанында болған үш жолаушы да оқиға орнында көз жұмды. Марқұмдар сол жол құрылысын жүргізіп жатқан компанияда жұмыс істеген.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Жолкөлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қаза тапқандардың барлығы осы учаскеде жол құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері. Жол көлік оқиғасы бойынша ҚР 145-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!