{metadescription}
Үш мыңға жуық тұрғын үй мен 42 мектеп қысқа дайын емес
Үш мыңға жуық тұрғын үй мен 42 мектеп қысқа дайын емес

Үш мыңға жуық тұрғын үй мен 42 мектеп қысқа дайын емес

Еліміздің бірқатар аймағында жылу қазандықтарын жөндеу жоспардан кешігуде. Әсіресе былтыр жылуға жарымаған аймақтарда биыл да мәселе туындауы мүмкін. Жағдай бақылауда болғанымен, ешқандай кепіл жоқ дейді энергетика вице-министрі.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Ақтау қаласындағы жағдай алаңдатады. МАЭК бойынша әлі де мәселе бар. Теміртаудағы №2 жылу электр орталығындағы жұмыс кешігіп жатыр. Екібастұзда жылыту маусымына дайындық аяқталып қалды. Онда биыл мәселе туындамайды деп ойлаймыз. Ал Риддер қаласына қаржы кеш бөлінді. Қазір жөндеу жүріп жатыр, қыркүйектің соңына қарай екі қазандық дайын болады деген жоспар бар.

Ел бойынша үш мыңға жуық тұрғын үй мен 42 мектеп қысқа дайын емес. Ал денсаулық сақтау саласында 62 нысанның әзірлігі кестеден кешіккен. Сондай-ақ, жекеменшік секторға берілетін көмір қоры да толық жиналмапты. Премьер-министр жылыту маусымының басталуына өте аз уақыт қалғанын айтып, жауаптыларға бұл кемшіліктерді екі апта ішінде жою керектігін тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Жылыту маусымының басталуына өте аз уақыт қалды. Солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы ауа райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін. Жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар. Сонымен бірге кейбір жылу көздерін жөндеу уақытында аяқталмай қалуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде