{metadescription}
Оңтүстік өңірлерде жарық шектелуі мүмкін
Оңтүстік өңірлерде жарық шектелуі мүмкін

Оңтүстік өңірлерде жарық шектелуі мүмкін

Оңтүстік өңірлерде жарық шектеумен берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді. Өйткені бірнеше облысты электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған Жамбыл ГРЭС-ке судың аз келуіне байланысты энергия өндіру көлемі азайған.

Халықты қара түнекте қалдырмас үшін энергетика министрлігі көрші қырғыз елімен арнайы келіссөздер жүргізіп жатыр. Өйткені «Шу-Талас» каналына келетін судың тапшылығынан Жамбыл су электр стансасындағы 6 блоктың тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Бұдан алынатын энергия көлемі 120 мегаваттан аспайды. Сондықтан вице-министр егер «Жамбыл ГРЭС» толық тоқтаған жағдайда KEGOC тұтынушыларға тиісті шектеулерді енгізуге арналған алгоритм әзірлеп қойғанын айтты.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Энергетика министрлігі жұмыс істеп жатыр. Қазан және қараша айларында екі және үш блокты режимде ұстау көзделіп отыр. Су азайған жағдайда электр энергия шығыны көбеймесе, тиісті кейбір уақытта, мезгілде, электр энергияның тапшылығы табылады өңтүстік өңірде тууындайды. Осыны болдырмас үшін тиісті жұмыс атқаратын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде