{metadescription}
Министр: Ана тілімді — қазақ тілін меңгеріп жатырмын
Министр: Ана тілімді — қазақ тілін меңгеріп жатырмын

Министр: Ана тілімді — қазақ тілін меңгеріп жатырмын

«Отаныма оралған қандаспын». Жуырда өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған Қанат Шарлапаев Қазақстан азаматтығын былтыр ғана алғанын тілге тиек етіп, енді ана тілін меңгеруге ден қойғанын айтты.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Қазір ана тілімді қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына бес рет мұғалім келіп, содан сабақ аламын. Мен ешқандай да бөтен адам емеспін. Қазақстанға, Отаныма оралған қандаспын.

Қандас Шарлапаевты тілмен қоса Астанадағы инженерлік инфрақұрылым да алаңдатып отыр. Министр тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемесе, астаналықтар бірінші кезекте су мен жылудан таршылық көре ме қауіптенеді. Сол себепті әуелі қажетті инженерлік желілерді жөндеп, бәрін реттеген соң ғана құрылыс көлемін қалпына келтіруге болады деп пікір білдірді. Шарлапаев құрылысшыларға мемлекеттік қолдаудан қағылмау үшін қалай жұмыс жүргізу керектігін де айтты.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Егер құрылысшылар жапсарлас құрылыс бойынша жұмысын жалғастырса, онда олар үшін мемлекеттік қолдау мен реттеу режимі тұрғысынан қиынырақ болуы мүмкін. Ал кешенді қала құрылысына екпін қойса, оларға мемлекеттік органдар тарапынан қолайлы жағдай жасалып, мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Құрылыс аумағы үлкейіп, толық көшекөшемен кешенді құрылыс жасау керек. Бұл жұмыстардың алғашқы нәтижесін келесі жылы байқай бастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде