{metadescription}
Үлкен Алматы айналма жолында ойран салғандар табылмай жатыр
Үлкен Алматы айналма жолында ойран салғандар табылмай жатыр

Үлкен Алматы айналма жолында ойран салғандар табылмай жатыр

Жолды бөгеп, білгенін істеген. Өткен түні Үлкен Алматы айналма жолында басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргендер әлі табылмай жатыр. Әзірге тек біреуінің ғана мемлекеттік нөмірі анықталған.

Бұзақылардың әрекеті әлеуметтік желіде жүр. Видеодан төрт темір тұлпардың шамын жарқ-жұрқ еткізіп, төрт жолақта артымен жүріп бара жатқанын көруге болады. Арасындағы біреуі тіпті стробоскоп қойып алған. Жастардың істегені өзге көлік жүргізушілеріне кедергі келтіргені сөзсіз. Өйткені жаңадан ашылған жол жоғары жылдамдықпен жүретін трасса. Яғни автобан болып саналады. Жүру жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Заңды белшесінен басқан жүргізушілерді қазір полицейлер жер-көктен іздеп жатыр.

Ернар Сәйділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілердің жеке басын анықтау үшін Алматы облысы ПД бастығы жергілікті полиция басқармасына нұсқама берді. Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Жүргізушілер анықталған жағдайда барлық жол жүру ережесін бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде