{metadescription}
Теміртауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап аман қалды
Теміртауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап аман қалды

Теміртауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап аман қалды

Теміртауда екі жастағы бүлдіршін үйдің екінші қабатынан құлап кетті. Анасы басқа бөлмеде жүргенде балақай жақтауға шығып, ашық тұрған терезеден ауып кеткен. 

Бірақ періштесі қағып аман қалды. Десе де тыныс алу жолдарына зақым келіп, сол жақ жамбас сүйегі үгітіліп кеткен. Теміртау дәрігерлерінің қарауынан кейін ол шұғыл облыс орталығына жеткізілген. Ота жасалып, қазіргі жағдайы орташа дейді дәрігерлер.

Оқыс жағдай түнгі сағат екі шамасында болған. Құтқарушылар көпқабатты үй тұрғындарына балаға мұқият болуды сұрайды. Өйткені облыс бойынша баланың биіктен құлау жағдайы жиілеген.

Әсем Қалдыбаева, Қарағанды облысы ТЖД қызметкері:

Кішкентай бала бірнеше секундқа ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда, терезеден құлағанда, көбінесе өмірімен үйлеспейтін жарақат алуы мүмкін. Бұл ересек адамдардың мұқият болмауынан. Бүгінде облыс аумағында балалардың терезеден құлауының 24 жағдайы тіркелген, екеуі өліммен аяқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.