{metadescription}
Атырауда 200-ден астам тұрғын үй инфрақұрылымнан құр қалған
Атырауда 200-ден астам тұрғын үй инфрақұрылымнан құр қалған

Атырауда 200-ден астам тұрғын үй инфрақұрылымнан құр қалған

Қаланың іргесінде қараусыз қалған ауыл. Атырауда бұрын саяжай болған ықшамаудан тұрғындары әкімнің есігін қағумен жүр. 200-ден астам тұрғын үй инфрақұрылымнан құр қалған.

Жол мен жарықтан бөлек, қоғамдық көлік те қатынамайды. Тіпті жүздеген отбасы тұратын ауылға әлі күнге атау да берілмеген. 

Наталья Кузняткина:

Бұл ықшамаудан тұрғындарының 70 пайызы зейнеткер, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі жандар. Біз өз күшімізбен газ тарттық. Әкімдерді жағалаудан шаршадық. Балашаға мектепке, балабақшаға баруы қиын. Тіпті автобусқа жету үшін де біраз шақырым жаяу жүреміз. Қашанға дейін шыдаймыз? 

Жергілікті билік бұл ауылдар бас жоспарда жоқ деп отыр. Атырау қаласының бас жоспары 2017 жылы жасалса да, оған 33 саяжай енбей қалған. Соның салдарынан оқушылар мектепке, қарттар емханаға бару үшін бірнеше шақырым жаяулатып жүреді. Оның өзінде көшеге тас жол төселмеген. Ал жарыққа өзгелерден екі есе қымбат тарифпен ақы төлейді екен. Алайда әкімдік бұл саяжайлар «жоспарда жоқ» деп шорт кесті. Сондықтан заман көшінен қалып қойған тұрғындардың талабы қашан орындалатыны белгісіз.

Ерболат Омаров, Атырау әкімінің орынбасары:

2017 жылы бекітілген бас жоспарға өзгерістер енгізілмей, қала әкімдігі тарапынан бірдебір жоба құжаттама жасауға, инфрақұрылым жасауға мүмкіншілік болмайды. Бүгінде қала әкімдігі ұсынысын өзгертуге облыстық басқармаға ұсынған болатын. Бас жоспарға мердігер анықтау облыстық басқарманың құзыретіне жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.