{metadescription}
Президент Орталық Азия мен Ауғанстанға аймақтық хаб құруды ұсынды
Президент Орталық Азия мен Ауғанстанға аймақтық хаб құруды ұсынды

Президент Орталық Азия мен Ауғанстанға аймақтық хаб құруды ұсынды

Қазақстан президенті Орталық Азия мен Ауғанстан үшін аймақтық хаб құруды ұсынды. БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай орталық жұмысты тиімді әрі жылдам ұйымдастыру үшін қажет деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Баршаға ортақ орнықты болашаққа қол жеткізу үшін шұғыл түрде бірлескен ісқимыл қажет. Өзара ынтымақтастықты нығайту үшін аймақтық деңгейде «Біртұтас БҰҰ» қағидатын күшейту керек. Сондықтан біз Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық хаб құруды ұсынамыз. Ол БҰҰ-ның аймақтағы жобалық қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Президент атап өткендей, орнықты даму қағидаттары ұлттық стратегияларымыз бен бағдарламаларымыздың өзегіне айналған. Мәселен, мемлекет бюджетінің 80 пайызы орнықты даму мақсатына сай келеді. Оның ішінде тегін білім мен денсаулық сақтаудың баршаға қолжетімді болуы қамтамасыз етілген.

Жаңа Әлеуметтік кодексте халықтың осал топтарын қорғау шаралары күшейтілді. Ал баршаға ортақ орнықты болашаққа қол жеткізу үшін жекелей емес, бірлесе отырып ат салысу керек деп есептейді Тоқаев. Президент саммитке қатысушыларға халықаралық қаржы архитектурасына тың серпін беруді ұсынды. Оның айтуынша, орнықты даму қағидаттарына қол жеткізу үшін қаржы жүйесі таңдаулы ғана елге емес, барлық мемлекетке теңдей ықпал етуі қажет. Экология, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды шешу үшін орасан зор қаржы керек.

Президент АҚШ-қа сапары аясында бірқатар елдің мемлекет басшылары мен қатар Қазақстанның түрлі саладағы жетекші серіктестерімен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біз БҰҰ-ның басшылығымен техникалық қолдау, ғылыми зерттеулер және қауіп-қатерлерді бағалау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Орнықты даму саласындағы мақсаттар бәріміз үшін жарқын әлемге жол ашады. Біз бірігуіміз және күшжігерімізді арттыруымыз қажет. Қазақстан БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы тегеурінді әрі тиімді рөлін әрдайым жақтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде