{metadescription}
Алматы балабақшаларында тамақ тегін беріледі
Алматы балабақшаларында тамақ тегін беріледі

Алматы балабақшаларында тамақ тегін беріледі

Тамақ тегін беріледі. Алматыда мемлекеттік балабақшаларға баратын бүлдіршіндерге осындай жеңілдік жасалып отыр. Бұндай жеңілдік тек көпбалалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кішкентайларына қарастырылған.

Арасында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары да бар. Яғни осы санатқа жататын жандар бұдан бұлай бөбегін мектепке дейінгі мекемеге беру үшін ай сайынғы ақыны төлемейді.

Бүгінде Алматыда мемлекеттік 194 балабақша бар. Соның ішінде аталған санаттың тізімінде 5 жарым мыңнан астам бүлдіршін тұр екен. Барлығының ата-анасы не жақыны қажет құжатты қазірден тапсыруға тиіс.

Қыркүйек айынан бастап әлеуметтік мәртебесіне қарай кішкентайлар енді балабақшаға тегін келіп, тегін ас-ауқат іше алады. Ал бұған дейін барлық отбасы бөбектерінің үш мезгіл тамағына ғана ай сайын 25 мың теңге төңірегінде төлеп келген. Аталған шарапатқа қала бюджетінен 462 млн теңге бөлініпті.

Жеңілдік бір отбасыдан бірнеше бала келсе де еш өзгермейді. Тек көпбалалы отбасыларда үлкені 18 жастан аспауы тиіс. Алайда жекеменшік балабақшаға баратын бүлдіршіндер үшін әзірге бұл көмек түрі қарастырылмаған.

Әлия Сағиева, Алматы білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімінің басшысы:

Біздің қаулы 6 қыркүйекте шығып отыр. Қазір балабақшалардың бәріне тапсырма берілді. Атааналардан құжаттар жиналып жатыр. Содан кейін ол кісілер өтінішін өзі береді. Сол кезде әр балаға ақша бөлінеді. Ал енді ата-аналар төлеп қойған жағдайда, ол ақша қайтарылады. Бірақ өздеріңіз білесіздер, АӘК анықтаманы алады, ол тоқсан сайын берілетін анықтама. Оны ата-аналар жаңалап әкеліп тұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде