{metadescription}
Қымбат ішімдіктер салық салынатын VIP тізімге енгізіледі
Қымбат ішімдіктер салық салынатын VIP тізімге енгізіледі

Қымбат ішімдіктер салық салынатын VIP тізімге енгізіледі

Премиум санатындағы қымбат ішімдік салық салынатын "вип тауарлардың" тізіміне енгізіледі.

Қымбат виски мен басқа да арақ-шарап түріне бай-бағландардың меншігіндегі яхта, ұшақ, жылжымайтын мүлік пен автокөліктер сияқты сән-салтанат салығы салынатын болады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өзіне, жалпы қалталыларға таңсық емес жоғары сапалы вискидің бағасын мысалға келтірді. Қай жылғысы дүкенде қанша тұратынын да жатқа біледі екен. Құны бірнеше миллиондық элиталық сусынға қол жеткізе алған адам, қосымша төлемнен де қашпауы керек. Элиталы ішімдіктің салығы да сол себепті еселеп артпақшы.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Елестетіп көріңіз, мысалы, 10 жыл сақталған Macallanның құны - 7 млн теңге. Оның қазіргі акцизі - 700 теңге. Біз ол акцизді 10 есе көтеріп, өз құнының 10 пайызын салығына қосамыз. Міне, сіздерге сән-салтанат салығы. Яғни бұл тек халықтың белгілі бір бөлігіне қатысты болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде