{metadescription}
Оқу-жаттығу: Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқу-жаттығу: Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Оқу-жаттығу: Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Үйдің кіреберісін лезде қою қара түтін торлап, жұрт сыртқа шығып үлгермеді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 14 адамды құтқарды. Ішінде ыстан уланғандар да бар. Зардап шеккен төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

12 қабатты баспанадан шыққан тілсіз жау жұрттың зәресін алды. Тәртіп сақшылары бірден Бөгенбай батыр көшесін жауып, көліктердің жүруіне шектеу қойды. Өрт болған аумаққа тек өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері кіргізілуде. Өйткені баспананың кіреберісін лезде қою қара түтін торлағандықтан, жұрт сыртқа шығып үлгермепті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттың тұрғындарын автосатымен әзер құтқарды.

Қызыл жалын алтыншы қабаттағы пәтерлердің бірінен тұтанған. Қою қара түтін ортасында 14 адам қалған. Өрт сөндірушілер оларды жедел құтқарып, ыстан уланған төрт адамды алып шықты.

Бірақ бұл төтенше жағдай емес, құтқарушылардың оқу-жаттығуы болатын. Осылайша мамандар көпқабатты үйде өрт шыққанда қалай қимылдау керектігін пысықтауда. Себебі биік ғимараттардағы тілсіз жауды ауыздықтау өте қиын дейді мамандар.

Манарбек Шапағатов, Абай облысы ТЖД бастығы:

Көпқабатты нысанда қиындық көп кездеседі. Біздің Семейдегі автосаты 9шы қабатқа дейін ғана көтеріледі. Сондықтан қызметкерлеріміз жоғарғы қабаттағы жұртты қалай құтқаратынын көрсетті. Сондайақ тәжірбие алмасты.

Тактикалық жиынға 12 техника мен 82 екі адам жұмылдырылды. Мамандардың біріккен оқу- жаттығуын ұйымдастыруы тегін емес. Өйткені шаһардағы зәулім үйлерде тілсіз жау көбейген. Жыл басынан бері 7 өрт тіркеліп, 20- дан астам адам құтқарылған. Оның ішінде балалар да бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде