{metadescription}
Ұлттық қор: Баланың шотында $3500 жиналады екен
Ұлттық қор: Баланың шотында $3500 жиналады екен

Ұлттық қор: Баланың шотында $3500 жиналады екен

Мәжіліс «Ұлттық қор — балаларға» жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Талайдан бері талқыға түскен құжат 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Берік Бейсенғалиев, Мәжіліс депутаты:

- Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жылда кәмелетке толмаған балаға тең бөледі. Мысалы 6 млн 700 мың бала болатын болса, ұлттық қордың  кірісінің 50 пайызы жылмажыл тең бөлінеді. Ол жыл сайын өзгеріп отырады. Алдын ала жиналған есепшоттың ақшасына, оған да пайызымен түсіп отырады. Қаражаттың барлығы АҚШ долларымен есептеледі.

Қаражатты бірден алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана жиналған соманы қайда жұмсайтынын өзі шешеді. Баспанаға алғашқы жарна ретінде қолданып немесе ел ішінде, сондай-ақ шетелде білім алуына болады. Алайда бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды. Ата-аналар әр балаға жекелей шот ашып әуре болмайды. Мұның барлығы автоматты түрде арнайы жүйеде жүзеге асырылады деп түсіндірді заң жобасының жұмыс тобы.

Ұлттық Банк осыған дейін мәлімдегендей, Ұлттық қордың қазіргі кірісімен есептегенде, 18 жыл ішінде баланың шотына шамамен 3 жарым мың доллар жиналады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде