{metadescription}
Кәсіпкерлер қосымша құн салығының көтерілгеніне қарсы
Кәсіпкерлер қосымша құн салығының көтерілгеніне қарсы

Кәсіпкерлер қосымша құн салығының көтерілгеніне қарсы

Кәсіпкерлер қосымша құн салығының көтерілгеніне қарсы. Бүгін "Атамекен" палатасында жиналған отандық бизнес өкілдері мұндай қадам - бағаның өсуіне, сәйкесінше инфляцияны да арттырады деп отыр.

Қосымша құн салығын 12-ден 16 пайызға көтеруді қазір ұлттық экономика министрлігі қарастыруда. Сонда республикалық бюджетке бір жылда 2 трлн теңгеге дейін кіріс түседі екен. Жауапты сала мамандары бұл ақшаны тікелей әлеуметтік маңызды шығындарға жұмсаймыз деп отыр. «Бюджет кірістерін толықтырудың бірден-бір жолы осы» деген жауаптылардың шешімі қазір бизнес өкілдері арасында қызу талқылануда.

Максим Барышев кәсіпкер:

- Қосымша құн салығын арттырудың еш қажеті жоқ деп санаймыз. Көршілес мемлекеттерде де 12 пайыз. Ресеймен салыстыру тіпті қисынға келмейді. Түптеп келгенде зардап шегетін қарапайым кәсіпкерлер. Президент "инвесторларды елге тартыңдар"деп тапсырма береді. Инвестор қалай келеді біздің елге? Мынадай құн салығының мөлшерін көріп? Таза пайда қанша қалады, соны бірініші кезекте зерттемей ме?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде