{metadescription}
Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды

Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды. Себебі жергілікті тұрғын аса қауіпті күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікке іліккен. Сондықтан,елдімекенге кіріп-шығатын жолдар жабылып, блок-бекеттер қойылды.

Жетіжардан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға шектеу қойылды. Өйткені ауру малдың етінен, терісінен, жүнінен, тіпті ауыз судан да қауіпті індет жұғуы мүмкін.

Облыстық комиссия отырысында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданған. Дегенмен қауіпті кесел жұқтырды деген азаматтан алынған сынама қорытындысында ауру белгісі расталмапты. Соған қарамастан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеу қойылды дейді мамандар.

Ержан Барышев, Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы:

- Аурудың шығуын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде барлық мал басы клиникалық тексеруден өткізілуде. Және де күнделікті жергілікті ветеринария мамандарының бақылауында. Бүгінгі күнде сойылған, ауырған мал анықталмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде