{metadescription}
Шымкентте Асар-2 ықшамауданының тұрғындары наразылыққа шықты
Шымкентте Асар-2 ықшамауданының тұрғындары наразылыққа шықты

Шымкентте Асар-2 ықшамауданының тұрғындары наразылыққа шықты

Шымкентте 16 мың тұрғыны бар Асар-2 ықшамауданының тұрғындары наразылыққа шықты. Себебі қала аумағында тұрса да, әлі күнге көшеге асфальт төселмеген. Шаһар басшысы былтыр 19 шақырым жол төсеуге ақша бөлінгенін айтып сүйінші сұраған екен. Бірақ ол сөз жүзінде қалды дейді жиналғандар.

Есесіне, биыл Шымкенттің орталық көшелеріндегі тақтайдай тегіс жолдар қырылып, жаңа жабынды төселген. Осыны көрген Асар тұрғындары наразылық ретінде күре жолдардың бірін жаппақ болды.

Асар-2 ықшамауданының жұрты жергілікті атқамінерлердің назарынан тыс қалдық деп налиды. Халық жиналдып көше жарығына дейін өзі жүргізген. Тіпті жауын жауса батпағы, қалған кезде шаңы шығып жататын көшелерді де өз күшімізбен тегістеп отырмыз дейді жиналғандар.

Мұндағы тұрғындар өз қотырын өзі қасып үйренген. Мысалы, ойқы-шойқы жолдарды жөндеуге әр отбасы 15-20 мың теңгеден ақша шығарып тас төсейді екен. Бірақ сонша шығын мен еңбекке келген бұл жол жаңбырдан соң жерге сіңіп жоқ болады дейді.

«Сәл жауын жауса батпаққа батамыз» деген тұрғындар балаларды аяйды. Асфальтсыз көшемен автобус та жүрмейді. Жаяу тұрмақ, көлікпен жүрудің өзі қиын дейді жүргізушілер. 

Былтыр қала әкімі Асар -2 ықшамауданындағы 54 көшеге екі жылдың ішінде 19 шақырым асфальт төселеді деп уәде етіпті. Бірақ биыл соның екі шақырымы ғана жасалған.

Гаухар Әбішева:

- Қалада жаңа асфальтты бұзып қайта жөндейді. Оларға ақша бөлінді. Жаңа тұрған асфальтты қиратады?! Ал Асар 2, Достық, сияқты жерлерге еш көңіл бөлмейді.

Шенеуніктерге өкпелі жұрт күре жолдардың бірін жабуға қарай бет бұрған. Бірақ полицейлер қаумалап, артынша, жолға жауапты басшының өзі жетті. Қызметке кеше ғана келгенін айтып ақталған шенеунік тас жол төсеуге заң кедергі дейді.

 Роллан Ибрагимов, Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолы басқармасының басшысы:

- Биыл қаңтардан бастап барлық көшеге ведомствоаралық сараптамадан өтуі тиіс деген заңға өзгеріс енгізілуіне байланысты, сол кезде істелінген сметалардың бәрі, мысалы, 2223 жылғы смета ведомствоаралық сараптамадан өте алмайды. Биылғы бағамен жасалуы керек еді.

Асар-2 ықшамауданынаа енді қашан асфальт түсетінін жауапты басшы айта алмады. Есесіне, Шымкенттің орталығындағы тақтайдай тегіс жолдарды бұзып қайта салуға 6 миллиард жұмсалып жатқанын растады. Ал шаңы шығып жатқан Асар ықшамауданына биыл тас жол төселмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде