«Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомының тұсауы кесілді
Бір ғасырдың тарихы бір арт-альбомда көрініс тапты. Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Қазақ балетіне 89 жыл» атты арт-альбомның тұсаукесері өтті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.09.2023
Қазақстанның кәсіби хореография өнерінің 90 жыл бойына қойылған ұлттық спектакльдерінің бүкіл тарихы жинақталған. Арт-альбом бір жыл бойы Тоғжан Молдалімнің жетекшілігімен дайындалды. Баспа жобасы Нұрсұлтан Назарбаев қорының гранттық қолдауымен жүзеге асырылған. Альбом жасауға суретші Жаннат Баймұханова мен дизайнер Гузель Нұрымбетова тікелей атсалысты. Жобаның мақсаты - қазақ музыкалық-хореография өнерін кескіндеме арқылы сақтау һәм таныту. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына театрдың фоейесінде сурет көрмесі ұйымдастырылды
Тоғжан Молдалім, жоба жетекшісі:
- Альбомға 65 авторлық сурет, иллюстрация кірді. Оларда еліміздегі театрлардың және би труппаларының бүкіл ұлттық спектакльдері. Дамир Оразымбетовтің жетекшілігімен, қазақ балет креативті зертханасының қолдауымен, Нұрсұлтан Назарбаев қорының грант қолдауымен басып шығарылды. Мен өз атымнан Нұрсұлтан Назарбаев қорына үлкен алғысымды айтамын. Өйткені осындай гранттың арқасында жыл сайын жастардың жобалары жарық көріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!