{metadescription}
Сәбиін бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған
Сәбиін бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған

Сәбиін бесінші қабаттан лақтырып жібермек болған

Біреуге сәби — арман, енді біреу — терезеден жаңа туған шақалағын лақтырып жіберуге дайын. Нәрестесін жатақхананың бесінші қабатынан тастай салмақ болған еркекті көрген петропавлдықтар әлі өз-өзіне келе алмай жүр.

Кешқұрым қаланың бүкіл жедел әрекет ету қызметін аяғынан тік тұрғызған отбасы туралы көршілері не дейді?

- Мен оларды кеше көрдім. Өзі де, бірге тұрып жатқан еркегі де масаң еді. Олар ұрсысып тұрды. Күйеуі әйелін жүріс қылдың деп кінәлап жатты. Жақындап сөйлесіп көріп едім, болмады.Әйелі жылап, баланы әкел деп айғайлады. Дұрыс сөйлей алмай тұрды.

Оқиға кешқұрым қаладағы жатақханалардың бірінде болған. Ерлі-зайыптылардың жанжалы төбелеске ұласқан соң, көршілері полиция шақырыпты. Тәртіп сақшыларын көріп, одан сайын ерегескен азамат бөлменің есігін іштен құлыптап, жаңа туған нәрестесін 5-ші қабаттан лақтырамын деп қоқан-лоққы көрсетті. Баланың өміріне қауіп төнген соң, барлық құтқару қызметі әлдеқандай жағдайға дайын тұрған. Жедел жеткен арнайы жасақ есікті бұзып кіріп нәрестені құтқарды. Бала дін аман, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Бұл олардың екінші баласы екен. Біріншісі үш жаста. Ерлі-зайыпты бұл жатақханадағы бөлмені жалға алғандарына бір ай ғана болыпты.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

- Ұсталған азамат облыстың 23 жастағы тұрғыны. Масаң күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуі арасында жанжал болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде