{metadescription}
Ақтөбеде мәслихат депутаты мас күйде көлігімен жүйткіп, жауапқа тартылмаған
Ақтөбеде мәслихат депутаты мас күйде көлігімен жүйткіп, жауапқа тартылмаған

Ақтөбеде мәслихат депутаты мас күйде көлігімен жүйткіп, жауапқа тартылмаған

Білдей мәслихат депутаты жауапқа тартылмай жүр. Ақтөбеде 53 жастағы кәсіпкер әйел қымбат Лексусымен мас күйінде көшеде жүйткіген.

Сәния Мұратованы тәртіп сақшылары тоқтатып, барлық сараптамадан өткізген. Ішімдік ішкені дәлелденіпті. Бірақ қалталы кәсіпкер әрі қаланың мәслихат депутаты қатардағы тұрғын емес. Заң бойынша көлікті мас күйде жүргізгені үшін 15 күнге қамауға алынуы тиіс. Іс те әкімшілік сотқа түскенімен, қарауды әлі кешіктіруде. Депутаттың өзі Астанаға кетіп қалыпты. Қазір сонда ауруханада жатыр екен. Қала мәслихатында әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі комиссияға мүше Мұратованы енді әріптестері мандатынан айырмақшы.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жүргізілген сараптама нәтижесінде мас күйде болғаны анықталды. Әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жіберілетін болады. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулік қамауға алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айрылатынын ескертеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде