{metadescription}
Петиция: 50 мыңнан аса дауыс жинаған өтініш үкімет деңгейінде қаралады
Петиция: 50 мыңнан аса дауыс жинаған өтініш үкімет деңгейінде қаралады

Петиция: 50 мыңнан аса дауыс жинаған өтініш үкімет деңгейінде қаралады

Енді 50 мыңнан аса дауыс жинаған азаматтық өтініштер үкімет деңгейінде қаралатын болды. Бүгін Сенат "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын мақұлдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.

Құжатта петиция ұғымы мен жіберу тәртібі де көрсетілген. Заңға сәйкес, қазақстандықтар петицияны арнайы интернет порталы арқылы жібере алады. Ол өтінішті мемлекеттік органдар қарау үшін әуелі дауыс беру шегі белгіленген. Мысалы 50 мың халқы бар елдімекеннен жіберілген петицияда 2 жарым мың дауыс жиналса, аудан әкімдігі қарайды. Облыстағы әкімдіктер құзыретіне жататын мәселелер бойынша петицияға аумақ тұрғындарының 1 пайызы, ал мәслихат құзыретіндегі проблема болса, халықтың кемінде 2 пайыз дауысы жиналуы керек. Жіберілген құжаттың петиция талаптарына сәйкестігін он күннің ішінде мәдениет және ақпарат министрлігі анықтайтын болады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қабылданған заң жобасы қоғамның сұранысын ескеруге сеп болады деп отыр.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Азаматтардың мемлекеттік процестерге қатысты пікір білдірудің қосымша тетігі петиция институты енгізіледі. Мұндай жаңа нормалар алдағы уақытта қоғамның қажеттіліктерін барынша ескеруге мүмкіндік беруі тиіс. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың мемлекеттік институттарына деген сенімін арттырып, еліміздің дамуына оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде