{metadescription}
Тараз тұрғындары мопед тізгіндеген жүгенсіз жүргізушілерге жаппай наразы
Тараз тұрғындары мопед тізгіндеген жүгенсіз жүргізушілерге жаппай наразы

Тараз тұрғындары мопед тізгіндеген жүгенсіз жүргізушілерге жаппай наразы

Саңырауқұлақтай қаптаған скутерлер. Тараз тұрғындары мопед тізгіндеген жүгенсіз жүргізушілерге жаппай наразы. Өйткені саябаққа серуендеуге келген ел сергіп емес, сергек жүретін жағдайға жеткен. Ел троатуардағы жалғыз аяқ жолға жағаласқандар қай бұрыштан қашан қағып кетеді деген үрейдеміз дейді. Бұқара бұндай бей- берекетсіздікке құзырлы органдардың қадағалуының аздығынан десе, полиция заңнан аттап өте алмайтынын айтады.

Кеш қарайса, халық көп жиналатын парктер қос дөңгелекті көлік тізгіндегендердің жарыс алаңына айналғалы қашан. Саябақта серуендегендерді мопед мінгендер мезі қылған.

- Бұл жерде демалу мүмкін емес! Өйткені мына жерде 6070 жылдамдықпен жүреді. 12 адамды соғып кетті осы жерден.

Мопедтің үстіне екі аяқпен мініп алған жүргізуші:

- Халық көбірек шоғырланған орталарда, құрметті электр құрылғыларын қолдалданушылар, қауіпсіздік ережесін сақтағандарыңызды сұраймыз.

- Бұл Тараз, детка ма?

Парктегі жалғыз аяқ жолда жоғары жылдамдықпен жүйіткіген мопедті машинамен қуған мына полицейлердің видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бірі скутер айдағандарды сабасына түсіру керек деп құптаса, енді бірі құзырлылардың жұмысына көңілі толмайтынын жазды.

Соңғы күндері сынға жиі іліккен сақшылармен біз де бір күндік рейдке шықтық. Көптің назарына ілікпес үшін микрофонсыз, сырттан бақыладық.

Рейд басталып кетті. Қазір алғашқы болып олардың алдына түскен жүргізуші өзінің қасына тағы бір жолаушыны қосып алған екен. Барып көрейік.

Мопед мінген бұл азамат өзіне дуылға кимеген жолаушы мінгізгеніне қарамастан, жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты.

- Яғни бұл кісінің ЖСН тексерген кезде, бұл кісіде 620-бабы жазылған екен.

- Бұрында да ескерту алған деген сөз бе?

- Ескерту болған. Бұның алдында тағы жазылған бұл кісіге. Сол себептен бұл кісіге екінші рет 5175 тг айыппұл салынады.

Тілшілердің келетінін білгеннен бе, әйтеуір жүйелі жұмыс істеп жүрген тәртіп сақшыларының саны бүгін әдеттегіден тым көп. Біріне айыппұл салса, енді бірі тек ескерту алумен құтылып жатыр. Мәселен жүргізуіші куәлігі жоқ жүргізуші тексеріс кезінде 18-ге толмаған жасөспірім болып шықты.

- 30 тамыздан бастап заң шықты. Кез келген санатта болу керек, сізде. Сенбесеңіз, интернеттен оқып қараңыз.

- Мынаған да? (Самокатты көрсетіп тұр)

- Мынаған да.

- Әне, мінейін деп жатыр ғой аналар.

- Оған да права керек.

- Правасыз айдап бара жатыр ғой.

- Сізбен тұрмын ғой мен қазір. Оларға да қазір жетеміз.

 Арада сағаттар өткен соң, қаладағы барлық парктегі ызыңдаған скутер мен мопедтердің үні өшті. Бәлкім тексеріс тұрақты жүргізілсе, тізгіншілер де бұл мәдениетке үйренер ма еді. Ал полицейлердің де халық тарапынан түскен айтылған шағымға өз айтар уәжі бар.

Қайрат Ділтаев, Тараз патрульдік ПБ қызметкері:

- Мопед, скутерге рұқсат. Яғни өзінің талаптарына сәйкес мопед жүргізу керек.

- Саябақтың ішіне кірген кезде жылдамдықты азайтып 10 км/сағ жүргізу керек.

- Яғни жоғары жылдамдықпен келе жатса, ескертумен шектеле ме?

- Иә. Тек ауызша ескертумен шектеледі.

- Саябаққа кіруге тыйым сала алмайсыздар ғой.

- Саябаққа кіруг етыйым сала алмаймыз.

30 тамыздан бастап құрылғыларға қатысты жаңа заң енді. Осы уақыт аралығында бір ғана Тараздың өзінде скутерлерге 212, ал самокаттарға 105 хаттама толтырылған. Ал енді мегаполистарадағы ережені елемегендердің есебін ойлай беріңіз. Қош. Біз бақылағандай саябақтағы шектеулердің болмауы сақшыларға да оңайға соқпауда. Дегенмен мұнда халыққа керегі тиісті заң емес, қалыптасуы керек мәдениет екенін де ұмытпаған абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде