{metadescription}
Қазақстандықтардың 35,7 пайызы КТК арнасын сенімді арна деп таңдаған
Қазақстандықтардың 35,7 пайызы КТК арнасын сенімді арна деп таңдаған

Қазақстандықтардың 35,7 пайызы КТК арнасын сенімді арна деп таңдаған

Көрерменнің сүйікті арнасына берген бағасы! Қазақстанның қоғамдық даму институты жүргізген сауалнама нәтижесінде КТК Топ-5 телеарнаның арасында көш бастады. Отандастарымыздың 35,7 пайызы КТК арнасын ең сенімді арна ретінде таңдаған.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, тұрғындардың дені ақпаратты КТК жаңалықтарынан алады. 32 жыл елмен бірге жасап келген телеарна ұжымы халықтың үніне құлақ асып, мұңын мұңдауға күш салуды тоқтатқан емес. Жаңа телевизиялық маусымда да арнамыз көзі қарақты көрерменге жаңа жобалар дайындады.

КТК халықтық арна екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстан қоғамдық даму институты жүргізген сауалнама нәтижесінде де мұны растап отыр. Яғни еліміздегі ең көп көрілетін ТОП-5 телеарнаның арасында КТК көш басында. Бұл әрине, бірінші кезекте тұрақты көрермендеріміздің бізге берген бағасы.

Сонымен зерттеу қорытындысы бойынша тұрғындардың 35,7 пайызы біздің арнаны таңдапты. Ал сауалнама еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында жүргізілген.

Әйгерім Асқарқызы, КТК жаңалықтарының редакторы, жүргізушісі:

- Халықтың талғамының таразысы КТК жаңалықтарының бірінші екенін көрсетіп берді. Бұл тұғырға көтерілу оңай емес. Яғни біз жаңалықтардан бір нәрсені басыңқырап айттық, бір ақпаратты елден бұрын айттық деген сөз. Алтын көрермендерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сіздердің арқаларыңызда біздің арнамыз әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатыр. Қарапайым халықтың мұңмұқтажын көрсету үшін журналистеріміз жанкештілікке барып, елден бұрын жедел, шынайы ақпаратты беруге тырысып жатыр. Жаңа маусымда жаңалықтар көп болады. Бізбен болыңыздар.

32 жыл. Осы уақыт аралығында арнаның журналистері бұқараның базынасын боямасыз, ақпаратты сауатты әрі шынайы жеткізу үшін желдің өтінде жүріп жаңалық әзірлеп келеді. «Астарлы ақиқат» ток-шоуы мен «Дау-дамайсыз» бағдарламасы заңсыздықпен күресіп, күрмеуі қиын талай мәселені шешті. Жылаған жанды жұбатып, сүрінгенге сүйеу бола білді. Көрерменнің көзайымына айналған бұл бағдарламалар биыл да жалғасын тапты. Жаңа телевизиялық маусымда КТК арнасында көзі қарақты көрерменге ой салып, көңілін көтеретін жаңа жобалар эфирге жол тартады.

Дина Төлепберген, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі:

- Жаңа маусымда КТК телеарнасы өзінің көрермендеріне өсу, өркендеу, психологиялық қалыптасу, осы бағытта да көмек бермек. Жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр, менің қатысуымен. Өзімнің жаңа контентімде мен атақты, бай, белгілі бір нәтижеге қол жеткізген немесе басы дауға қалған адамдармен сұхбаттасу арқылы, ішкі сырын ақтару арқылы, ой түзейміз, бой түзейміз деп ойлаймын. 

КТК өз кино өндірісін де дамытып келеді. Жаңа маусымда біздің арнаның қатысуымен түсірілген сериалдарды да тамашалай аласыз.

КТК-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларына да жазылып қойыңыз.

Көрерменмен ұдайы байланысты болу бізге маңызды.

КТК телеарнасының ұжымы қоғам үніне құлақ асып, халыққа еңбек ету үшін аянып қалмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.