Қарағанды колледжінде студентті пышақтаған
Қарағандыда колледж студентін пышақтаған күдікті қамауға алынды. Ал, ауыр жараланған жәбірленуші ауруханада жатыр. Бұл қанды қылмыс дәл білім ордасының алдында болған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.09.2023
19 жастағы студент бірден ауруханаға жеткізілген. Оның денесіне кірген пышақ өкпесін де зақымдаған. Қазір науқас есін жиды. Ертең жалпы палатаға ауыстырылады.
Куәгерлердің айтуынша, екінші және үшінші күрс студенттері өзара сөзге келіп қалған. Ерегес соңы пышақтасуға дейін барған.
Қылмыс болған Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің басшылығы қандай да бір түсінік берудан бас тартты. Қазір студенттері қалтасына суық қару салып жүретін білім ордасында тексеріс басталды. Ал қамауға алынған күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылға сотталуы мүмкін.
Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Бұл оқиға бойынша 17 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106бабы яғни адам денесіне қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қоғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!