{metadescription}
Ақтөбеде бір айда жүздеген бала қызылша жұқтырған
Ақтөбеде бір айда жүздеген бала қызылша жұқтырған

Ақтөбеде бір айда жүздеген бала қызылша жұқтырған

Ақтөбеде қызылша дерті асқынып тұр. Айналдырған бір ай ішінде жүзден аса бала осы жұқпалы аурумен ауырған.

Қызылша дертінің бұлай таралуын дәрігерлер ата-аналардан көріп отыр. Себебі түрлі уәж бен сылтау айтып балаларына екпе салдырмайды екен. Ал вакцина алғандарға бұл ауру жоламайды.

Облыс бойынша қызылша жұқтырған 380 адамның барлығы дерлік дер уақытында екпе алмағандар. Жұқпалы аурудың оқушылар арасында жылдам таралуына байланысты білім ошақтары карантинге жабылады деген әңгіме желдей есуде.

Бірақ мамандар бұл бос сөз дейді. Тек тұмауға қатысты мектепте бір сынып оқушыларының отыз пайыздан астамы ауырса, карантин жарияланады. Ал қызылшаға қатысты ондай шара қолданылмайды.

Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Мысалы, бір сыныпта тіркелсе, ауру анықталып, онымен қарымқатынаста болған адамдарды анықтайды. Қарым-қатынаста болған адамдар 30 жасқа дейін қайтадан эпидкөрсетілім бойынша егіледі, екпесі болмаған жағдайда бақылауда болады. Мектеп карантинге жабылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде