{metadescription}
Астанада супермаркеттен виски ұрлаған еркек ұсталды
Астанада супермаркеттен виски ұрлаған еркек ұсталды

Астанада супермаркеттен виски ұрлаған еркек ұсталды

Астанада ер адамның супермаркеттен бір шөлмек виски ұрлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полицияға дүкен қызметкері белгісіз азамат қымбат шарапты қолды етпек болғанын айтып арыз түсірді.

Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы құсаған кейіп танытып, сөреде тауар қарап жүреді. Ол сатушының жоқтығын пайдаланып, құны 16 мың теңгелік бір шөлмек ішімдікті пакетіне салып шығып кетпек болған. Алайда сол сәтте супермаркет қызметкері оның алдынан шығып, ер адам абдырап, затын тастай сала қаша жөнелген. Дегенмен ұрлық жасаймын деп жолы болмаған 47 жастағы қала тұрғыны анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде