{metadescription}
Меркілік Сабыркүл қолөнерімен бүкіл отбасын асырап отыр
Меркілік Сабыркүл қолөнерімен бүкіл отбасын асырап отыр

Меркілік Сабыркүл қолөнерімен бүкіл отбасын асырап отыр

Өз кәсібін түсінде тапты. Жамбыл облысы Меркі ауданында тұратын Сабыркүл Сіргелбекова қолөнер арқылы отбасын асырап отыр. 49 жастағы ісмердің бұйымдарына тапсырыс берушілер саны өзге өңірлерде де көбейіп келеді.

Қызығы, тағдыр тауқыметіне төзе білген үш баланың анасы табыс табудың жолы түсімде аян берді дейді. КТК тілшісі ауылға арнайы барып, тылсым дүниеге тап болған тұрғынмен тілдесті.

Меркілік Сабыркүл Сіргелбекованың есімі бүгінде жамбылдық жалпақ жұртқа жақсы таныс. Он саусағынан өнер тамған тұрғынның бұйымына тапсырыс бермеген жергілікті бұрымдылар кемде-кем. 49 жастағы әйел үйіндегі қуықтай бөлмеде отырып, негізінен қыз жасауын жасайды.

- Шәй көрпешелер, қызды айттыруға барғанда төсейтін көрпешелер, доптар, кимешек, сөмкелер тігіледі. Мынаны бүгін клиент алып кетеді. Өзінің таңдауымен жасалынған.

Ісмер әйел түсірілім кезінде ешкімге тіс жармаған, басынан өткен тылсым дүниені бізге баяндап берді. Төрт жыл бұрын жолдасынан айырылған ана жұмыссыз жүреді. Балаларын қатарынан қалдырмас үшін әр жерде жалдамалы жұмысшы да болыпты. Осылайша тапқаны азық-түлігінен артылмай, қаржыдан қатты қиналған ол несие алуды ұйғарады. Бірақ банк сұрағанын бермей, бетін кері қайтарады. Салы суға кеткен ол сол күні ұйқыға кеткенде әлде бір таныс дауыс естіліп, «анам аян берді» дейді.

Сабыркүл Сіргелбекова:

- Сол кезде анық үшінші рет анамның дауысы естілді. «Құрақ құра» деп. Бірақ сол кезде ақша қатты қажет болды. Қатты қиналып тұрған кезім. Содан кейін шошып ояндым да, ақырын жанжағыма қарасам, әйел жоқ. Содан жаңағы жерде келдім де, ешкімге ештеңе деген жоқпын, мен құрақ құрап бастаймын дедім. Содан бастадым ғой.

Осы күні Сабыркүл Сіргелбекова өз кәсібін жөңгелетіп отыр. «Содан бері өмірім өзгеріп, жолым ашылды» деп толқып еске алады. Республика бойынша «Қазақстанның үздік тауары», ауданаралық «Мерейлі отбасы» байқауын да жеңіп алды. Қазір қыздарынан бөлек, немерелерін де осы өнерге баулып жүр. Еңесесі биік еңбек адамының ендігі арманы - жастарды қолөнерге үйрететін арнайы үйірме ашу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде