Дәрігерлерге шабуыл: Шымкент тұрғыны ауруханада жанжал шығарды
Дәрігерлерге тағы шабуыл жасалды. Бұл жолы химиялық затқа уланған Шымкент тұрғыны ауруханада жанжал шығарды.
Автор: Бек Әбиев
22.09.2023
Отбасылық жанжалдан кейін әдейі у ішкен 26 жастағы жігітті жедел жәрдем ауруханаға жеткізген екен. Бірақ науқас жансақтау бөліміне жатпаймын деп, дәрігер мен санитарды сабап тастаған. Осы кезде жансақтау бөлімінде бірнеше ауыр науқас жатқан екен. Айқай-шуды естіп қалған жедел жәрдем фельдшерлері сотқар жігітті жерге жығып тыныштандырған. Қазір ол полицейлерге түсініктеме беріп жатыр. Ал таяқ жеген ақ халаттылар тәртіп сақшыларына арыз жазды.
Сәкен Реметов, О.Орынбаев атындағы Жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы басшысының орынбасары:
- Бұл жерде науқас бізге сау адам қаралмайды ғой. Науқас болғаннан кейін диагнозы бар, әмбе белгісіз нәрсе ішкен. Бізде улану энцефалопатия дейді. Миына зақым келген. Өзінің диагнозымен психологиялық қозу болды деген болжам бар. Арыз түсірілген себебі, көп сөздер айтылды, туыстары жағынан да телефонға түсіріп, сондай болғаннан кейін амал жоқ, біз де арыз түсірдік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!