Атырау мұнай өңдеу зауыты бір айға жабылады
Атырау мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеу жұмысына жабылатын болды. Энергетика министрлігі өндірісті тоқтатудан басқа амал қалмады деп отыр. Себебі: зауыттың жөндеу көрмей, күні-түні үздіксіз жұмыс істегеніне бес жыл болыпты.
Автор: Айжан Шамшидин
25.09.2023
Жауапты сала мамандары осыған байланысты бензин мен дизель отынының құнына алаңдаған халыққа басу айтты. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов алдағы бір айда жанармайдан таршылық көрмейміз, баға да өспейді деп сендіріп отыр. Айтуынша, Атыраудағы зауыттың жөндеу жұмысы жоспармен жүргізілсе де, министрлік барлық жағдайға дайын. Ол үшін Ресейден қосымша 70 мың тонна АИ-95 маркалы бензин алу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Дегенмен солтүстіктегі көршілеріміздің өзінде жағдай мәз емес. Өзінде бензин қат болғандықтан, қос елдің министрліктері қосымша қорды беру-бермеуі туралы ортақ шешімге әлі келмеген.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Ресей Федерациясымен, өздеріңіз білесіз, индикатив баланс деген құжатқа қол қойылған. Сол құжат бойынша 95-ші бензин 40 мың тонна жоспарланған. Бірақ біз тиісті хатты Ресей Федерациясының энергетика министрлігіне жібердік. Осы идентикативті 70 мың тоннаға көбейтуге. Жауабын күтеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!