{metadescription}
Саусақ ізін тапсырудан бас тартқандар 7 мың айыппұл төлейді
Саусақ ізін тапсырудан бас тартқандар 7 мың айыппұл төлейді

Саусақ ізін тапсырудан бас тартқандар 7 мың айыппұл төлейді

Саусақ іздерін тапсырудан бас тартқандар жеті мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Ереже жаңа жылдан бастап енгізілмекші. Жалпы дактилоскопия тіркеуден кәмелетке толған барлық азамат өткізіледі.

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, сабылып кезек күтудің қажеті жоқ. Бармақ өрнектері жеке куәлік пен паспортты алмастыру уақыты тақалғанда алынатын болады. 12 жасқа дейінгі балалардан саусақ ізі алынбайды. Саусақтары жоқ, кемтар азаматтар да бұл рәсімнен босатылған. Ал 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге таңдау құқығы берілген. Қазақстанға уақытша кірген шетелдің кез келген азаматы да дактилоскопиялық тексеруден өтеді.

Жалпы бұл бастама ең әуелі криминалистер жұмысын жеңілдетпекші. Ішкі істер министрлігі адам жоғалған жағдайда, я түрі танымастай өзгерген сәтте жеке басын анықтауға мүмкіндік береді деп отыр. Саусақ ізін алу процедурасы адам өмірінде бір-ақ рет өткізіледі.

Нұржан Жаңабаев ҚР ІІМ Миграция қызметі комитетінің аға инспекторы:

Саусақ ізін алу халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлік, паспорт, шетелдіктердің тұру ықтиярхаттарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін алу кезінде жүзеге асырылатын болады. Дактилоскопяилық тіркеудің негізгі мақсаты адамдардың мүдделерін қорғау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде