{metadescription}
Алты облыстан 300-ден астам азамат тараздық компанияға алданып қалған
Алты облыстан 300-ден астам азамат тараздық компанияға алданып қалған

Алты облыстан 300-ден астам азамат тараздық компанияға алданып қалған

Англияға барамыз деп алданып қалды. Еліміздің алты облысындағы 300-ден астам адам шетелде жұмыс істеу үшін тараздық компанияға барын беріп жер сипап қалды.

«Алаяқтардың арбауына түстік» дегендер бүгін Жамбылда жиналып полиция бөлімінің алдында шу шығарды. Шетелден жұмыс тауып береміз деген компания миллиондаған қаржыны қалтасына басып ізім-ғайым жоғалған. «Центр трудоустройства» Серіктестігінен жарты жылдан бері жауап жоқ дейді жиналғандар. «Англияға барып құлпынай тереміз» деп құлшынғандармен КТК тілшісі тілдесіп келді.

Назира Тайкиева, Тараз қаласының тұрғыны:

Не ақша жоқ, не жұмыс жоқ! Жетіскеннен бара жатқан жоқпыз. Жалақымыз өмір сүретіндей, жететіндей болса, шетелге қаңғып неміз бар?

Англия асып, көл көсір пайдаға кенелеміз деп жер сипап қалған алты өңірдің жұрты. Шетелге шығу үшін тараздық серіктестіктің қолына басы 300 мың, аяғы 2 млн теңгеге дейін санап беріпті. Желіде жарнамасы жер жарған компанияның сан соқтырғанын кеш түсіндік деп күрсінеді. Алаяқтардың арбауына түстік дегендердің бірі - 29 жастағы Ұлжан Әбілова. Алматылық ару қазір Англияда құлпынай теріп жүрудің орнына, хат-хабарсыз кеткен компанияны жарты жылдан бері іздеп жүр. 

Ұлжан Әбілова, Алматы облысының тұрғыны:

Ол жақта мен құлпынай теріп жүруім керек болатын. 300 мың теңге тамағыңа, жататын орныңа кетеді деген. Таза миллион қолыңа түседі деп айтқан болатын. Бізде келісімшарт Өтеген Тимур деген кісімен болған болатын. Мөрі, барлығы бар. Одан кейін ол алдап кетті. Маған екі айдан кейін жұмысқа барасың деп айтқан болатын. Алты ай күттім. Еш жауап жоқ. Ештеңе берген жоқ. 

Онсыз да жұмыссыз жүргендерді шетел асу үшін алған несиелері де қысып барады. Елде жүріп мардымды жалақыға жарымадық деген тұрғындар құзырлы орган өкілдеріне үндеу жолдады.

Бақытжан Алдабергенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Біз ҚР Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурадан алаяқтық туралы бапты қатаңдатуды талап етеміз. Олай болмаса, алаяқтарға алданған адамдар саны елімізде күннен‑күнге артып келеді. Өйткені қарашаның миллиардтаған қаржысын заңсыз қалтаға басқандарды үш жылдан бастап бас бостағынынан айыру деген оларға түкке тұрмайды. Ал біз секілді барын беріп, дымсыз қалғандардың ендігі өмірі не болып жатыр?

Ал бұл Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаланың қақ ортасында орналасқан кеңсесі. Қазір жабық тұр. Көрші кабинеттегі кәсіпкерлердің айтуынша, ол азаматтардың мұнда келмегеніне аптадан асқан.

Ғимарат әкімшілігі «Центр трудоустройства» серіктестігінің осы орталықта төрт жылдан бері отырғанын айтты. Бірақ жалдап жүрген кеңсе осы айдағы ақысын әлі төлмеген. Телефоны сөндірулі. Ал полция департаменті алғашқы арыздың қашан және неге тергеудің уақтылы басталмағанын нақты айтып бере алмады.

Алмас Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары:

Жамбыл облысында тіркелген ЖШС-не адамдар ақшаларын берген. Шетелде жұмысқа тұрғызу деген себебімен. Сол бойынша ҚК 190-шы бабымен, ҚК тіркелген. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде.

Компанияның ісі толық дәлелденбейінше, тәртіп сақшылары оларды тек күдікті ретінде тергеуге алады. Арызданғандардың көптігіне бьайланысты бұл іс бүгін-ертең бітпесі анық. Сондықтан табыс табамыз деп қарызға батқандарға Англия сапары алыстай бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде