{metadescription}
Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазып жатыр
Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазып жатыр

Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қазып жатыр

Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қаза бастаған. Жаңа жерленген мүрделерді жеп кетпеу үшін күні-түні күзетте тұрамыз дейді шырақшылар. Тіпті аш иттер көшедегі адамдарға да шабуылдай бастапты.

Жыл басынан бері ит қауып ауруханаға түскендер саны мың жарым адамнан асып кеткен. Әсіресе таңғы және кешкі мезгілде көбейетін бұралқылар мектеп оқушыларына азу көрсетеді екен.

Шымкентте қаңғыбас иттердің қаптағаны соншалық, мазараттарды жайлап, қорымдарды қор қылуда. Шеттен сүйекөсаяқтарын сүйреп әкелгені былай тұрсын, бейіттерді қазып, көр ішіне күшіктеуге дейін жетуде.

Бейіттердің маңында шашылған сүйектердің малдікі, не адамдікі екенін айту қиын. Мазарлардың іші ит-құстың саңғытына толып, көп қабірдің беті бүлініп жатыр. Қорымды күндіз-түні қаңғыған иттен қорып жүрген шырақшы Шухрат Исраилов биылдың өзіне ит қазып тастаған қырық шақты бейітті қайта көміп шықтым дейді.

Шухратбек Исраилов, шырақшы:

Ит ататындарға арыщ бердік. Келеді, ата алмайды оны. Үштөрт метрге жетеді оғы, ұйықтатуға. Қазып, мәйітті сыртқа шығарып жейді ме, білмейміз, не істейтінін. Осында үнемі артынан көміп жүрміз. Күніге осы жердеміз.

Қаңғыған иттерден өлілер ғана емес, тірілер де зәрезап болуда. Әсіресе мектеп оқушыларына шабуылдаған жәйт көп. Мысалы, жыл басынан бері Шымкентте ит қапқан адам саны 1700-ден асып кеткен. Оның көпшілігі кәмелетке толмағандар. Ал тұрғындар төбеттің көшеде күрт көбейгенін айтады.

Рысбай Асанұлы:

Оқушыларды қауып жатыр. Жақында Құртаев көшесінде бір баланы ит талап тастапты. Кешке таман, азанда, кешке балаларға қиындау болып жатыр. Бір иттің өзі 6,7,8ге дейін, әр үш айда күшіктейді. Ал есептеп көріңіздер, жылына бұлар қанша күшіктейді. Бір жылда төрт мәрте болғанда, 32-ге дейін апарады екен.

Шымкентте ит аулаумен айналысатын алты бригада бар екен. Олар былтыр 40 мың қаңғыбас ит-мысық ауласа, биыл бар болғаны 16 мың 800 бұралқыны ұстапты. Жабайы жануарларды аулап, кастрация жасап әрі жоюға 264 миллион теңге бөлінген. Жауапты басшылар ит-мысықты жаппай жоюға заң мүмкіндік бермейді деп отыр.

Ерлан Әденов, Шымкент ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

16 мың 800 ит ауланып келген болса, ит‑мысықтар оның 13 мың 500-не жуығы жансыздандырылды. Олар жансыздандырылып, эвтаназия жасап, арнайы биотермиялық шұңқырлар бар, соларға тасталынды. 4200 бас ит, қоғамдық еріктілер бар ғой, зооволонтерлар деп атаймыз, солардың тарапынан питомникке барып, өздері асырау үшін алып кеткен. 4200 бас итмысықты.

Десе де жауаптылардың жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды. Себебі көшеде бұралқы ит әлі де көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде