{metadescription}
Каспий тартылып, қайранда қалған балық қырылған
Каспий тартылып, қайранда қалған балық қырылған

Каспий тартылып, қайранда қалған балық қырылған

Теңіз тартылып, балық қырылды. Атырау облысында Каспий теңізі қатты желдің әсерінен 15 шақырымға дейін тартылып кеткен. Соның алдарынан су жәндіктері қайранда қалып қырылған.

Бұл видеоны балықшылар түсіріп алып әлеуметтік желіге таратқан. Осыдан кейін экологтар мен балық шаруашылығы инспекциясының мамандары теңіз жағалауына барып өлекселерден сынама алыпты. Тіпті қайранда қалған бір жарым тоннаға жуық балық жиналған. Дегенмен мамандар бұл қалыпты табиғи құбылыс деп отыр. Қума желден Каспий 15-тен 25 шақырымға дейін шегінеді дейді.

Әсел Ишанова, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейн-балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

Каспий теңізінің аймағы үнемі жел бағытымен, су деңгейі қозғалады. Қума жел құбылысы салдарынан теңіз суының тез қайтуы 1 пен 25 км аралығында қашықтап кетеді. Сол кезде орындарда бізде кефаль балығы қалған. 1 тонна 380 келісі жиналып, санитарлық нормаларды сақтай отырып жерге көмілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде