Ақтау әуежайында жөндеу, тек түнде жұмыс істейді
Ақтау әуежайы тек түнде ғана жұмыс істейтін болды. Яғни бір ай бойы ұшақтар күндіз қона алмайды.
Автор: Айман Нұрмағанбет
25.09.2023
Себебі әуежайдағы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмысы жүріп жатыр. 23 қыркүйекте басталған жұмыс қазан айының соңына дейін жалғаспақ. Сол себепті бір ай бойы бұл әуежай күндізгі рейсті қабылдамайды. Ұшу кестесі таңғы және кешкі уақыттарға ауыстырылған.
Сәрсенбек Көшкінов, Ақтау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары:
- Азаматтық авиация комитетімен және азаматтық авиация әкімшілігімен келісілген және жұмыс уақытында жабылатынын шілде айында алдын ала хабарлағанбыз. Жұмыс өткізетін мердігер мекеме ашық конкурс арқылы жарияланған. Оған тек қана бірінші санатты ұшуқону жолақтарында жұмыс істеуге лицензиясы бар мекемелер қатыса алады. Одан басқа айтарымыз, жұмыс көлемі 10 мың шаршы метр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!