Алматыда өртенген құрылыс дүкені күлге айналды
Тауарының түгі қалмады. Алматыда құрылыс дүкенінен шыққан өрттің себебі анықталып жатыр. Әзірге тек тоқтың қысқа тұйықталуынан пайда болды деген болжам бар.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
25.09.2023
Алапат өрт кезінде түсірілген видеодан үйлерді жағалай өткен электр сымының найзағайдай жарқылдап жатқаны көрінеді. Төтенше жағдай өткен түні Брусиловский көшесінде болды. Жалын демде алапат өртке ұласып, жеке үйдің аумағында орналасқан құрылыс дүкенін күлге айналдырған. Кейін баспананың шатырына да жеткен. Шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды төтеншеліктер бір сағаттан аса уақытта толық сөндірді.
Ербол Әлімқұл, Алмалы ауданы ТЖБ бас маманы:
- Өрт сөндірушілердің дер әрекетінің арқасында қасында тұрған екі тқұрғын үйге өртті таралуын болдыртпады. Сағат 03:04-те от оқшауланды. 03:51-де өрт толығымен сөндірілді. Сегіз өрт сөндіру көлігі және 2 қосымша техника және 62 жеке құрам жұмыс істеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!