{metadescription}
Маңғыстау облысында қолдан жасалған доллар сатып жүрген
Маңғыстау облысында қолдан жасалған доллар сатып жүрген

Маңғыстау облысында қолдан жасалған доллар сатып жүрген

Маңғыстау облысында жалған ақша сатумен айналысқан күдікті ұсталды. Ол қолдан жасалған АҚШ долларын хабарландыру арқылы саудаламақ болған.

Күдікті тек 50 долларлық валюталаны қолдан жасаған. Оны тінту кезінде жалпы сомасы 3850 доллар тәркіленді. Бірақ шетел валютасын қайдан алғаны немесе қалай жасағаны туралы ақпарат жоқ. Тіпті осы күнге дейін жалған ақшаның қаншасын айналымға қосып жібергені де белгісіз. Бұл деректер тергеу кезінде анықталады. Қазір күдікті қамауға алынып, жалған доллар жасауға өзге тұлғалардың да қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Маңғыстау облысында жалған ақша купюраларын өткізу бойынша қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Қазіргі осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жеделіздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде