{metadescription}
Азиада: Қоржында бір күміс, төрт қола
Азиада: Қоржында бір күміс, төрт қола

Азиада: Қоржында бір күміс, төрт қола

Қоржында бір күміс, төрт қола! Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 19-шы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге бес медаль жеңіп алды. Оның төртеуі дзюдошыларымыздың еншісінде.

Бүгін жарыс жолына шыққан дзюдошыларымыз екі бірдей медальға қол жеткізді. Ең алдымен, 63 келі салмақта сынға түскен Эсмигүл Куюлова қола жүлдені иеленді. Сосын 81 келі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар қола үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласы Мусо Собировтан басым түсті. Дүбірлі додада қазақстандық спортшы Никита Чирюкин де қола жүлдегер атанды. Ол 25 метрге тапанша ату сайысында үздік үштікті түйіндеді. Ал кеше жарыстың алғашқы күнін спортшыларымыз сәтті бастап жүлдеге іліккен болатын. Дзюдодан 60 келіде белдескен Мағжан Шамшадин қола үшін күресте тәжікстандық Мехрзод Суфиевті жеңсе, әйелдер арасындағы бәсекеде Әбиба Әбужақынова күміс жүлдені жеңіп алды. Әбиба финалда жапон қызы Натцуми Цунодаға есе жіберген.

Айта кетейік, құрлықтық жарыста ел намысын 500-ден аса спортшы қорғап жатыр. Қазақстан құрамасы қазір жалпыкомандалық есепте оныншы орында тұр.

Әбиба Әбужақынова, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

Алтын алып тарихта қалайын деген үмітпен соңына дейін күрескім келді. Мықты қарсыласым. Бұрынсоңды күрескем онымен, әлем чемпионатында. Олимпиадада, бұйыртса, финалда кездессек қайтарамын. Сол үміт менде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде